jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Екі өңірде республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жолдағы жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Күн райының бұзылуына байланысты еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Атап айтқанда, Ақмола облысында 20 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде, яғни Астана қаласы - Щучинск қаласы аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Одан бөлек Павлодар облысына қарасты "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі, яғни Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін жол қозғалысына шектеу бар.

Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Екі өңірде республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.