jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Малайзияда қазақстандық студент қыз қайтыс болды: СІМ өкілі оқиғаға пікір білдірді

Ауруханадағы төсек
Ауруханадағы төсек. Фото: freepik.com

Сыртқы істер министрлігі Малайзия ауруханасында көз жұмған қазақстандық студенттің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Малайзиядағы Қазақстан елшілігі қайтыс болған қазақстандық студенттің денесін елге тасымалдауды ұйымдастыруға барынша күш салды. Елші ауруханамен, университетпен және сақтандыру компаниясымен арада туындаған мәселелерді шешуге атсалысты. Денені тасымалдау, жерлеу рәсімдеру және анасының әуе билеті медициналық сақтандыру қызметінің есебінен төленді", - деп мәлім етті ведомство өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен бірге ол Қазақстан елшілігі қызметкерлері отандасымыздың өлімі дерегі бойынша ішкі тергеу жүріп жатқан ауруханамен де ұдайы байланыста екенін жеткізді. Тексеріс нәтижелері марқұмның анасына тапсырылмақ. Сондай-ақ елшілік университетпен де байланыста және ары қарайғы құқықтық әрекеттер мәселелері бойынша студенттің анасына көмек көрсетіп жатыр.

"Шетелдегі Қазақстан азаматтарын консулдық есепке алуға қатысты, бұл ерікті рәсім болып саналады және ешкім міндеттелмейді. Консулдық есеп біздің азаматтардың уақытылы құқығын және заңды құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді және тек ұсыныс ретінде айтылады", - деді СІМ өкілдері.

2025 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша Малайзиядағы Қазақстан елшілігінің консулдық есебінде 63 студент тіркеуде тұр.

Малайзияда қазақстандық студент қыз қайтыс болды: СІМ өкілі оқиғаға пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.