Қар мен жаңбыр: Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 21 қаңтар күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 3 градусқа дейін көтеріліп, түнде -6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін жетіп, түнде -4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 12,1 м/с болады.
Шымкентте бүгін жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 6 градусқа дейін жетіп, түнде 3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,8 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2213466-qar-men-zhangbyr-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/