jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Робототехникадан әлем чемпионы болған қазақ баласына Пенсильвания университеті қызығушылық танытты

Иманәлі Көксал
Иманәлі Көксал. Фото: t.me/oqu_agartu

Робототехникадан әлем чемпионы алматылық оқушы Айви Лигасына кіретін университтен шақырту алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев зияткерлік мектебінің 17 жастағы оқушысы Иманәлі Көксал Пенсильвания университетінде тегін оқуға мүмкіндік алған. Бұған оның оқудағы жетістігі мен робототехникаға деген құштарлығы себеп болған.

Иманәлінің робототехникаға деген қызығушылығы 7-сыныпта басталған. Ал халықаралық First Global Challenge (FGC) байқауына қатысқаннан кейін робототехникаға деген құштарлығы арта түскен.

"Сингапурдағы FGC 2023-те инженер болудан бөлек, матчтар кезінде жүргізуші болдым және роботты басқардым. Бұл стресске төзімділікті қажет етеді. Жарыста 194 елдің арасында өнер көрсетіп, бірінші орын алдық", - деді Иманәлі.

Оның айтуынша, бұл жеңіске команданың ауызбіршілігі мен табандылығының және еңбектің арқасында жеткен. Осылайша Қазақстан құрамасы робототехникадан екінші рет әлем чемпионы атанған.

Иманәлі Көксал инновациялық жобаларды әзірлеумен де белсенді айналысатынын айтады. Мәселен, ол есту қабілеті нашар адамдарға арналған ақылды сағат жасап шығарған.

"Бұл сағат есту қабілеті нашар адамдарға вибрация арқылы күмәнді немесе қауіпті дыбыстар туралы ескертеді. Мен мұқтаж адамдардың өмірін жақсартатын технологияны жасағанымды мақтан тұтамын", - дейді 17 жастағы чемпион.

Иманәлі болашақта Қазақстанның технологиясы мен экономикасын дамытуға үлес қосқысы келеді. Сондықтан Пенсильвания университетін таңдаған.

Робототехникадан әлем чемпионы болған қазақ баласына Пенсильвания университеті қызығушылық танытты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.