Зектілері

Астаналық оқушылар мен студенттер тағы бір күн қашықтан оқитын болды

Жарияланған күні:

Оқушы
Оқушы. Фото: pexels.com

Астаналық оқушылар ертең, 23 қаңтар күні де қашықтан оқуды жалғастырады. Қашықтан оқуға жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студенттері де ауыстырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"2025 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, оқушылар қашықтан оқу форматына бүгін ауыстырылған еді. Ведомство бұл күн райының қолайсыздығына байланысты деп түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2214227-astanalyq-oqushylar-men-studentter-tagy-bir-kun-qashyqtan-oqityn-boldy/