jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері күн жылынатынын болжады

аязды күні талда отырған құс
Талда отырған құс. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде алдағы күндері ауа температурасы көтеріледі деп болжап отыр. Кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

"Қазгидромет" мамандарының хабарлауынша, Қазақстан аумағында жоғары қысым әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанады.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 12-23, күндіз 5-13 градус аяз, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градус, таулы аймақтарда 13-18 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады деп күтіледі. Батыс өңірлерде түнде 7-17 градус аяз, ал күндіз ауа температурасы -6 градус және +2 градус аралығында болады деп болжанып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы жеті күнде Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері күн жылынатынын болжады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.