jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мемлекеттік органдардың сайты істен шықты: себебі айтылды

Egov.kz сайты
Egov.kz сайты. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекеттік органдардың сайтының жұмысындағы ақауға байланысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының желісіндегі техникалық ақауға байланысты "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін бірқатар сервистің уақытша қолжетімсіз екенін хабарлайды", - делінген компания таратқан хабарламада.

Компания өкілдерінің айтуынша, осыған байланысты eGov.kz порталының компоненттері мен eGov Mobile қосымшасы, E-license және Ашық үкімет порталы, Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы және "ҰАТ" АҚ-ның басқа да жобаларының жүйелері ішінара жұмыс істемеуі мүмкін.

"Қазіргі уақытта "ҰАТ" АҚ мамандары бар күшін салып, сервистерді толық қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр және жұмыстар жақын арада аяқталды деп жоспарлап отыр.

Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банк қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.

Уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік органдардың сайты істен шықты: себебі айтылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.