Қазақстандық журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Журналист Дана Орманбаеваға ұлтаралық араздықты өршіту фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Алматы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық журналист Дана Орманбаева Facebook парақшасында өзіне іздеу жарияланғаны туралы жазба қалдырды.
"Достар, маған іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты көріп, бірден назар аударып жатқандарыңыз үшін, хабарламаларыңыз бен қолдауларыңыз үшін, шалған қоңырауларыңыз үшін рақмет", – деп жазды Дана парақшасында.
NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.
"Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен қатар күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды ", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2215131-qazaqstandyq-zhurnalist-dana-ormanbaevaga-halyqaralyq-izdeu-zhariialandy/