"Жол бойы туысқандарға WhatsApp арқылы қоңырау шала аласыз": Қазақстан пойыздарында интернет пайда болды
Жарияланған күні:

Қазақстан пойыздарында интернет жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Facebook желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Министр интернет жылдамдығы жаңа технология бойынша орташа есеппен 50-ден 100 Мб/с-қа дейін екенін жазған.
"Пойыздарда спутниктік интернет іске қосылды. Естеріңізде болса, былтыр Eutelsat-OneWeb-пен техникалық іске қосу жүргізілді. Осы ынтымақтастықтың арқасында бүгін "Астана-Алматы" бағыты бойынша №3/4 пойыздарда спутниктік интернетті қостық.
Интернет жылдамдығы жаңа технология бойынша орташа есеппен 50-ден 100 Мб/с-қа дейін. Жол бойы туысқандарға WhatsApp, Telegram арқылы қоңырау шалу, мессенджер арқылы хабарламалар жазу және басқа онлайн платформаларды пайдалану үшін жеткілікті.
Енді пойыздарда интернет арқылы вагон-мейрамханаларда тапсырыстарды POS-терминал арқылы төлеуге болады.
Бұл жоба жаңа технологиялардың көмегімен күрделі жұмыс жағдайында да жоғары жылдамдықты және сенімді интернетті қамтамасыз ету мүмкіндігі бар екенін айқын көрсетеді. Біз Қазақстанның өңірлерін байланыстыру және азаматтарымыз үшін сапалы байланысты қамтамасыз ету үшін осы тәжірибені кеңейтуді жалғастырамыз.
ҚТЖ АҚ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен қазақстандағы Eutelsat-OneWeb ресми дистрибьюторы Jusan Mobile жолаушыларға ашқан мүмкіндіктер үшін, атқарылған жұмыстары мен ұсыныстары үшін алғыс айтамыз", - деп жазды министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2215248-zhol-boiy-tuysqandarga-whatsapp-arqyly-qongyrau-shala-alasyz-qazaqstan-poiyzdarynda-internet-paida-boldy/