jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда құрылысы 18 жыл бұрын басталған ірі нысан сүріліп жатыр (фото)

құрылыс
Құрылысы аяқталмаған паркинг. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Меңдіқұлов бульварының батысында аяқталмаған көпдеңгейлі паркинг бұзылады. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 жылы "СЕРТ" АҚ жалға алу учаскесінде бес деңгейлі паркинг салуға кіріскен. 2009 жылдың аяғынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары екінші қабат деңгейінде тоқтап қалды.

Ал 2015 жылы уақытша жер пайдалану құқығы да тоқтатылды. Содан кейін "Сейсмостройзащита" ЖШС мамандары объектінің тірек және қоршау конструкцияларына тексеру жүргізген.

"Сарапшылар негізгі тірек конструкцияларының техникалық жай-күйі туралы қорытынды берді, зерттеу нәтижелері бойынша қолданыстағы конструкцияларды бөлшектеу ұсынылды.

Басқармадан кейін сотқа аяқталмаған объектіні бұзу туралы талап арыз берілді. Соттың 2018 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен талапарыздар қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Қала әкімдінінің хабарлауынша, аяқталмаған нысанды бөлшектеу бүгін басталды. Айта кету керек, бұл Медеу ауданында бөлшектелген екінші нысан.

Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша Радлов көшесі, 9/1 учаскесі бойындағы аяқталмаған ғимаратты бұзу да басталды.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 65 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.

Алматыда құрылысы 18 жыл бұрын басталған ірі нысан сүріліп жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.