jitsu gif

Алматы метросында қайғылы оқиғадан кейін қоршаулар қойыла бастады (видео)

Алматы метро станцияларында орнатылып жатқан қоршаулар
Алматы метро станцияларында орнатылып жатқан қоршаулар. Видеодан кадр: instagram.com/almatymetro

Алматы метро станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаулар қою жұмыстары басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Метро станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаулар орнату жұмыстары басталды.

Жұмыс регламентіне сәйкес, алдымен берік металдан жасалған тіректер орнатылады, кейіннен оларға мықты шыныдан жасалған бөлгіштер бекітіледі.

Жұмыстарды толық аяқтау алдағы апта ішінде жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр желтоқсан айында Алматыда метро станцияларының бірінде жолаушы рельске құлап кетіп қаза тапқан еді.

Кейін "Қазақ зағиптар қоғамының" өкілі марқұм туралы айтып, метро зағип жандар үшін өте ыңғайсыз көлік түрі екенін жеткізді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.