jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылордада су үнемдеу технологиялары кеңінен қолданылып жатыр

Нұрлыбек Нәлібаев
Нұрлыбек Нәлібаев. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылы Сыр елінде су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алынғанын айтты.

Еске салайық, былтыр аймақта жарты миллион тоннаға жуық күріш (гектарына 58 центнерден, 496,4 мың тонна) өндірілді.

Ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция 2023 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артты. 2025-2029 жылдары 57 млрд. теңгеге 29 жаңа жоба жүзеге асырылады (488 жаңа жұмыс орны).

Арал теңізі
Арал теңізі. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Айта кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен мемлекетаралық келісімдер нәтижесінде соңғы 2 жылда Арал теңізіндегі су көлемі 4 млрд. текше метрге дейін артты (2022 жылы – 18,5 млрд. текше метр, 2024 жылы – 22,3 млрд. текше метр, САТ көлемі – 27 млрд. текше метр).

Үкіметтің кеңейтілген отырысы
Үкіметтің кеңейтілген отырысы. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бұл балық шаруашылығының дамуына, экологиялық ахуалдың жақсаруына оң септігін тигізіп жатыр.

Дереккөз: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылордада су үнемдеу технологиялары кеңінен қолданылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.