Мәжіліс депутаты балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды ұсынды
Опубликовано:
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды ұсынды. Депутаттың айтуынша, бұл жұмыс істейтін ата-аналар үшін ыңғайлы болмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мәжілісмен ата-аналар кешкі сағат 18:00-де жұмыстан шықса, балабақшалар 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болса, онда балалардың қараусыз қалып, көп жағдайда қарауылдың қасында қалатынын да жасырмады. Халық қалаулысы астаналық ата-аналар үшін күрмеулі болып отырған осы мәселені шешу үшін арнайы ұсынысын ортаға салды.
"Дұрысы, ата-анасы жұмыс істейтін балаларды кезекші топтарға біріктіріп, кешкі сағат 19:00-ге дейін қарайтын болса, дұрыс болмай ма? Мұндай тәжірибе Астана қаласындағы кейбір балабақшаларда бар. Кешкі уақыттағы кезекші топтарды елордадағы барлық балабақшада ұйымдастыру керек деп санаймыз. Мұндай қадам баласына алаңдаған ата-аналардың жұмысын жеңілдететін еді", - деді депутат
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2216333-mazhilis-deputaty-balabaqshalardyng-zhumys-uaqytyn-uzatudy-usyndy/