jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Бес емес, үш жұмыс күні": цифрлық даму министрі жасанды интеллект қазақстандықтарға не беретінін айтты

Жаслан Мәдиев
Жаслан Мәдиев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда өтіп жатқан Digital Almaty 2025 форумының кулуарында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллекттің қарапайым қазақстандықтарға қандай пайдасы барын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаслан Мәдиевтің сөзінше, жасанды интеллект бірінші кезекте қайталана беретін функцияларды цифрландыруға және автоматтандыруға көмектеседі, демек бұл адамды қайталанатын іспен айналысудан босатады.

"Адамның шығармашылықпен айналысуына, стратегиялық мәселелерді шешуіне көбірек уақыты болады. Сондай-ақ әлем сарапшылары гипотетикалық түрде, егер экономика толығымен жасанды интеллект негізіне ауысса, бес жұмыс күнінің орнына дәл сондай көлемдегі жұмысты үш күн ішінде істеуге болатынын айтады, ал қалған екі күнді отбасыңа, өзіңе, өзіңді дамытуға, шығармашылыққа арнауға мүмкіндік туады, ал нәтижесі дәл қазіргідей болады.

Жасанды интеллект жұмыс тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беріп, стратегиялық мәселелерге көбірек уақыт бөлуге жағдай жасайды", - дейді Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Сондай-ақ Алматыдағы форум аясында Жаслан Мәдиев жасанды интеллектті енгізудің еңбек нарығына сын-қатері туралы да айтқан.

Сонымен қатар бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Digital Almaty 2025 форумында Қазақстандағы жасанды интеллекттің дамуы туралы айтты. Ол Қазақстанның стратегиялық басым міндеттерінің бірі – жасанды интеллект саласында мамандар даярлау екенін атап өтті. Алдағы 5 жылда мемлекеттік қызметкерлерді толық қамти отырып, 1 млн адамды оқыту жоспарланып отыр.

"Бес емес, үш жұмыс күні": цифрлық даму министрі жасанды интеллект қазақстандықтарға не беретінін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.