jitsu gif

Қазақы ит тұқымдары күні: Қазақстанда енді төбет пен тазы күні ресми атап өтілмек

Тоғай ішінде жүрген тазы ит
Тоқаевтың Наурыз атты тазысы. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстанда мерекелік күндердің күнтізбесінде жаңа мереке пайда болмақ. Экология министрлігі "Қазақстан республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан үкіметінің қаулысына толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынды. Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Жоба мәтініне сай, еліміздің мерекелік күндерінің тізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізіліп, 3 қыркүйекті қазақы ит тұқымдары күні ретінде белгілеу ұсынылған.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

"11-1. қазақы ит тұқымдарын күні – үшінші қыркүйек".

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Қоғамдық талқылау 17 ақпан күні аяқталады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.