jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астанада "мешіттің бас имамы тұрады" деген зәулім үйдің иесі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

үйдің иесі
Астана тұрғыны. Видеодан кадр: facebook.com/Ағабек Қонарбайұлы

Әлеуметтік желіде "Астана қаласы мешітінің бас имамы тұрады" деген зәулім үйдің видеосы тарады. Кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері аталған үйдің имамға тиесілі емес екенін дәлелдеу үшін оның иесін тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook желісінде бұл жайтқа қатысты түсінік беретін видео жариялады.

Онда сол үйдің иесі өзін таныстырып, зәулім ғимаратты өзі салғанын айтады.

"Соңғы кезде осы үй бас имамның үйі делінген видео тарап жүр. Бұл жалған ақпарат. Бұл менің үйім. Мен Нұрлан Лесбекұлы осы үйде 15 жылдан бері тұрып жатырмын. Өзім соғып, өзім кіргенмін", - дейді кадрдағы ер адам.

Осы ретте ҚМДБ өкілі де видеоға қатысты пікір білдірді.

"Соңғы кезде әлеуметтік желіде тарап жатқан жала-жалғанға нүкте қоюға тура келіп тұр. Ұстаздарымызға, имамдарымызға, руханият саласындағы майталмандарымызға түрлі жала мен жалған ақпараттар кең етек алып жатыр. Құранның тілімен айтсақ, біреудің ақысын жеу, біреуге зұлымдық жасау, біреуге әділетсіздік таныту дүниелік һәм ақыреттік үлкен азапқа себеп болатын күнә болмақ. Қоғамда ізгілік жасау қалай сауапқа кенелтсе, біреуге зұлымдық жасаудан өзін тыю да үлкен сауапқа кенелтпек", - дейді діни басқарма өкілі.

Астанада "мешіттің бас имамы тұрады" деген зәулім үйдің иесі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.