jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Air Astana өкілдері Жидда мен Мәдинаға сапар шегетін жолаушыларға үндеу жасады

Әуежайда кезек күтіп тұрған жолаушылар
Әуежайда кезек күтіп тұрған жолаушылар. Көрнекі фото: Lu ShaoJi/Getty Images

Air Astana әуекомпаниясының өкілдері Жидда мен Мәдинаға сапар шегетін жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жидда мен Мәдинаға сапар шегетін жолаушылар назарына! 10 ақпаннан бастап умра мен қажылыққа баруға ниетті 1 жастан асқан барлық жолаушының менингококк инфекциясына қарсы егу сертификаты болуы керек", - делінген әуекомапияның Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Вакцинацияға қойылатын талаптар:

  • Менингококқа қарсы төрт валентті (ACYW-135) полисахарид вакцина кейінгі 3 жыл ішінде және Жидда, Мәдинаға келерден кемінде 10 күн бұрын салынған болуы керек.
  • Немесе менингококкқа қарсы төрт валентті (ACYW-135) конъюгаттық вакцина кейінгі 5 жыл ішінде және қалаға келерден кемінде 10 күн бұрын салынған болуы керек.

Әуекомпания өкілдері қосымша ақпаратты Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан алуға болатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Шымкенттен Жидда және Мәдина қаласына тұрақты тікелей рейстер ашылған болатын.

Air Astana өкілдері Жидда мен Мәдинаға сапар шегетін жолаушыларға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.