RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қатты аяз болады: еліміздің бір өңірінде ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендейді

Жарияланған күні:

Тоғай бұтағында отырған құс. Көрнекі сурет
Тоғай бұтағында отырған құс. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер ақпанның 5-нен 6-на қараған түні еліміздің бірнеше өңірінде күн райы күрт бұзылатынын айтып, ескерту жасады. "Қазгидромет" бірқатар облыста жел соқса, тағы бір өңірде ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін ескерткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының солүстігінде, шығысында тұман болуы мүмкін.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с-ге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді. Түнде облыс орталығында, таулы аудандарында 25 градусқа дейін қатты аяз күтіледі. Талдықорғанда да түнде ауа температурасы 25 градусқа төмендейді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2218296-qatty-aiaz-bolady-elimizding-bir-ongirinde-aua-temperaturasy-25-gradusqa-deiin-tomendeidi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif