jitsu gif branding logo appbranding logo app

"12 жолаушы билеті бойынша рейсіне міне алмады": FlyArystan әуекомпаниясының басы тағы дауға қалды

Fly Arystan ұшағы
Fly Arystan ұшағы. Көрнекі фото: flyarystan.ru

Желіде FlyArystan әуе компаниясының бортындағы 12 жолаушы белгіленген рейспен ұша алмай қалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Аталған жайтқа компания өкілдері жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандық журналист Асхат Ниязов Instagram желісіндегі stories-те FlyArystan әуе компаниясының 12 жолаушысы өз рейсімен ұша алмағаны туралы хабарлап, видео жариялаған. Кадрлардан ашуға мінген жолаушылар мұның себебін әуе компаниясы өкілдерінен сұрап жатқанын көруге болады.

Бұл тұста тағы бір журналист Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында әріптесі жариялаған видеоға қатысты:

"Бәлкім бұл тағы овербукинг - яғни тасымалдаушы ұшақтағы орын санынан көп билет сатып жіберу болар", - деп жазған еді.

Бұл жайтқа FlyArystan өкілдері пікір білдірді.

"Овербукингке қатысты таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін және әуекомпания тәжірибесінде қолданылмайтынын хабарлаймыз.

2025 жылғы 9 ақпанда Алматы – Павлодар бағыты бойынша FS7131 рейсінің жолаушылары жергілікті уақытпен 14:10-да отырғызу гейтіне келді, ал ұшудың жоспарланған уақыты 14:20 болатын. Алайда әуежайдың ақпараттық тақтасында орын алған жүйелік қателік салдарынан отырғызудың аяқталғаны туралы хабарландыру көрсетілмеді.

Осы ретте, рейске уақытылы келу – әр жолаушының жеке жауапкершілігі екенін еске саламыз. Әуекомпания қағидаларына сәйкес, жолаушылар ұшу уақытына кемінде 30 минут қалғанда отырғызу гейтіне келуі тиіс. Бұл кезекте, отырғызу уақыты мен гейті, сондай-ақ рейс статусын FlyArystan сайты мен мобильді қосымшасы арқылы тексеруді ұсынамыз", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.