jitsu gif

Тұман, жел, -27 градус аяз: еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

суық күн
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: pixabay.com

Ертең, 10 ақпан күні еліміздің бірқатар өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

10 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодарда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағандыда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанайда тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Риддер мен Өскемен қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда қатты аяз -25-27 градусқа дейін аяз болады. Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде қатты аяз -25 градус күтіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.