jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Кентау қаласының шекарасы кеңейтілмек

Кентау
Кентау. Фото: Кентау әкімдігі

Кентау қаласының әкімдігі мен мәслихаты қала шекарасын кеңейтуді көздейтін құжат жобасын дайындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қаулы жобасына сәйкес Кентау қаласының мынадай ауылдары мен елдімекендерінің шекараларын өзгерту көзделеді:

1) Қарнақ ауылының әкімшілік шекарасынан Кентау қаласының шекарасына 2655,53 гектар және Байылдыр ауылының шекарасына 264,75 гектар жер учаскелерін қосу арқылы Қарнақ ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 35 257,16 гектар болып белгіленеді;

2) Хантағы ауылының шекарасынан Кентау қаласының шекарасына 22,67 гектар және Байылдыр ауылының шекарасына 728,45 гектар жер учаскелерін қосу арқылы Хантағы ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы шекарасын 44 718,61 гектар болып белгіленеді;

3) Қарнақ ауылының шекарасынан 264,75 гектар, Хантағы ауылының шекарасынан 728,45 гектар жер учаскелерін Байылдыр ауылының шекарасына қосу арқылы, Байылдыр ауылының шекарасынан 522,27 гектар жер учаскесін Кентау қаласының шекарасына алу арқылы Байылдыр ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 24 819,43 гектар гектар болып белгіленеді;

4) Байылдыр ауылының шекрасына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 146,02 гектар жер учаскесін елді мекеннің шегіне қосу арқылы, Байылдыр ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі, 241,99 гектар болып белгіленеді;

5) Хантағы ауылының шекарасына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 152,98 гектар жер учаскесін елді мекеннің шегіне қосу арқылы, Хантағы ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 763,91 гектар болып белгіленеді;

6) Хантағы ауылының әкімшілік шекарасына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 312,49 гектар жер учаскесін елді мекеннің шегіне қосу арқылы, Хантағы ауылы, Шоқтас елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 657,98 гектар болып белгіленеді;

7) Хантағы ауылының шекарасына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 51,68 гектар жер учаскесін елді мекеннің шегіне қосу арқылы, Хантағы ауылы, Қотырбұлақ елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 58,88 гектар болып белгіленеді.

Құжат жобасы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құжат жобасы 2025 жылдың 25 ақпанына дейін қоғамдық талқылауға салынып отыр.

Кентау қаласының шекарасы кеңейтілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.