jitsu gif

Атырауда 62 жастағы зейнеткерді азаптап өлтірді деген күдікпен оның туысы ұсталды

Күдіктіні қамау сәті
Күдіктіні қамау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырауда 62 жастағы әйелді азаптап өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады деген күдікпен оның туысы ұсталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна хабарлауынша, 35 жастағы тұрғын зейнеткерді аяусыз өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады деген күдікке ілінген. Қылмыскер қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген. Оқиға орнынан марқұмның тек бас және жамбас сүйегінің қалдығы табылған. Полиция күдіктіні қамауға алып, кешенді тергеу жүргізіп жатыр.

"62 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен оның 35 жастағы туысы анықталып ұсталды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.