jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ақтаудағы мектептердің бірінде атыс болғаны туралы ақпаратқа полиция өкілдері пікір білдірді

Мектеп сыныбы
Мектептегі сынып: freepik.com

Ақтау тұрғындары қаладағы мектептердің бірінде балалар қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны және оқ атылғаны туралы хабарламалар жібере бастаған. Аталған ақпаратқа қатысты полиция қызметкерлері мен оқу орнының директоры пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның жазуынша, редакцияға қала тұрғындарынан мектепте атыс болғаны және оқушылар қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны туралы хабарламалар түсе бастаған.

Полиция өкілдері атыс туралы ақпаратты растаған жоқ.

"Полиция қызметкерлері мектепке бомба қойылғаны туралы ақпаратты тексеруді ұйғарды. Оқиға орнына полицейлер барды. Ешқандай атыс тіркелген жоқ. Мектеп директоры балаларды эвакуациялау туралы шешімді өз бетінше қабылдаған", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұл оқиғаға мектеп директоры да түсініктеме берді. Оның айтуынша, ол оқушыларды эвакуациялау туралы шешімді полиция келгеннен кейін қабылдаған.

"Мектепте сирена қосылды, содан кейін балалар эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері мен кинолог білім беру мекемесінің әжетханалары мен жертөлелерін тексерді. Жедел іс-шаралар 15 минутта аяқталды, ештеңе табылмады", - деп түсіндірді директор.

Ақтаудағы мектептердің бірінде атыс болғаны туралы ақпаратқа полиция өкілдері пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.