Балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев дүниеден өтті
Жарияланған күні:

Қазақстан балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаев 88 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Академиктің қазасын Facebook желісінде марқұмның ұлы Жарас Ормантаев естіртті.
"Бүгін түнде ардақты әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы - Академик Камал Ормантаев өмірден озды", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Камал Ормантаев – Қазақстандағы балалар хирургиясы, педиатрия, травматология және анестезиологияның негізін қалаушы.
Ол 1936 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген.
Жоғары білікті балалар хирургі 24 мыңға жуық күрделі ота жасаған.
Камал Ормантаев 320-дан аса ғылыми жұмыс, балалар хирургиясы бойынша кеңестік нұсқаулардағы 9 тарау және 9 монографияның авторы.
Дәрігер II дәрежелі "Достық", III дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерімен марапатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2220044-balalar-hirurgiiasynyng-negizin-qalaushy-kamal-ormantaev-dunieden-otti/