RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Қансыраған күйде төртінші қабатқа көтерілген": лифтіде пышақталған баланың анасы жағдайдың қалай болғанын айтты

Жарияланған күні:

Лифт батырмасы
Лифт батырмасы. Көрнекі фото: pexels.com

Астанада лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың анасы болған жайтқа қатысты пікір білдірді. Ол ұлы Батыр қансыраған күйі үйіне жетіп барып құлағанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас киімін басып киіп, бетін маскамен тұмшалаған жасөспірім жеделсатыда 5 жасар баламен бірге кірген. Араға аз уақыт салып, дәл осы жерде күдіктінің бүлдіршінге аяусыз бірнеше рет пышақ сілтегені бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Баланың анасының айтуынша, жантүршігерлік оқиға кеше сағат 15:00 шамасында болған. Сырттан келе жатқан 5 жасар Батыр балконнан қарап тұрған анасына қол бұлғап, алаңсыз үйге кірген. Осы тұста есік алдында тұрған жасөспірім артынан ілесіп, қоса кірген.

"Ол өзі қансырап бірінші қабаттан көтерілді. Төртінші қабатқа дейін, елестетіп көріңіз", – деді баланың анасы.

Полиция оқиғаның ізін суытпай күдіктіні ұстаған. Ол – 14 жастағы елорда тұрғыны. Жасөспірім 2017 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған.

"Ол заңды өкілімен бірге дереу полицияға жеткізілді. Қажетті тергеу амалдары аяқталған соң, оны оқшаулау бойынша шаралар қабылданады. Сонымен қатар оның заңды өкілі бала тәрбиесін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды", – деді Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Кешелі бері тұрғындардың мазасы қашқан. Олар балалары үшін алаңдаулы. Өйткені бұған дейін әлгі жасөспірім сол маңайды торуылдап жүріп, көрші үйдің бірінде қыз баланы да пышақпен қорқытқан.

"Шошып кеттік. Таңертеңнен кешке дейін немеремізді жетектеп жүреміз", – деді тұрғын Ырымгүл Әбілғазина.

Тұрғындардың тағы бірі Хасен Айтымов мұндай жағдай бірінші рет болып тұрғанын айтты.

"Ата-ананың бәрі жұмыста болады.  Уайымдап отырады ғой. Бұл –  бірініші жағдай. Қайталанбайды деп ойлаймыз", – деді тұрғын.

Адвокат Сұлтанбек Қалманбекұлы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабына сәйкес есепте тұратын баланың жанында ата-анасы үнемі жүруі керек" дейді. Осы тұста телеканал тілшілері адвокатпен тілдесіп, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған баланың әрекетіне қандай үкім тағайындалатынын сұрады.

"Бала 2017 жылдан бері психиатриялық диспансерде үзілмейтін шизофриния диагнозымен есепте тұрғандықтан, Қылмыстық кодекстің 91 және 98-баптары бойынша психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеу қарастырылған", – деді адвокат Сұлтанбек Қалманбекұлы.

Қазір бала алған жарақаты салдарынан ауруханада жатыр. Операциядан кейін палатаға шығарылған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2220282-qansyragan-kuide-tortinshi-qabatqa-koterilgen-liftide-pyshaqtalgan-balanyng-anasy-zhagdaidyng-qalai-bolganyn-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif