jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанадан шығатын жол уақытша жабылды

Жол
Жолдағы көліктер. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"ҚазАвтоЖол" компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Петропавл" тас жолының бір бөлігі жабылатынын ескертті деп, хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2025 жылғы 13 ақпан сағат 07:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қ. - Щучинск қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 13 ақпан сағат 17:00-де ашу жоспарланған", - делінген компания хабарламасында.

Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап отыр:

Шалғайға көлікпен жолға шығудан немесе жаяу жүруден бас тартыңыз, әсіресе қараңғы уақытта. Ауа райы мен жолдың жабылуына қатысты ақпараттан үнемі хабардар болыңыз.

Астанадан шығатын жол уақытша жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.