Стильді және соққыға төзімді HONOR X8c смартфоны Қазақстан нарығына келді
Опубликовано:

Қазақстанда жаңа HONOR X8c смартфонының сатылымы басталды. Жаңа өнім стильді дизайнымен ерекшеленеді, 360 градус корпус қорғанысын, сондай-ақ түнгі түсірілім мен селфи жасау мүмкіндіктерін үйлестіреді, деп хабарлайды HONOR компаниясы.
Дизайн және қорғаныс
HONOR X8c – үш ерекше түсте қолжетімді: көгілдір жасыл, ай сәулесіндей ақ және түндегідей қараңғылық. Смартфон жоғары қорғаныс деңгейіне ие. HONOR Anti-drop Protection технологиясы SGS Premium Performance сертификатымен расталған, ол құрылғының соққыға және құлауға төзімділігін қамтамасыз етеді. Ал IP64 стандарт қорғанысы ылғал мен шаңға төзімділікке кепілдік береді. Арнайы технология смартфонды дымқыл немесе майлы саусақтармен де пайдалануға жол ашады.
HONOR X8c өте жеңіл әрі жіңішке – небәрі 174 г және 7,12 мм, бұл оны кез келген жағдайда тамаша серік етеді.
Жарқын AMOLED-дисплей
Смартфон 6,7 дюймдік AMOLED-дисплеймен жабдықталған, 120 Гц жаңарту жиілігімен және Full HD+ ажыратымдылығымен ерекшеленеді. Дисплей 16,7 млн түсті қолдайды және DCI-P3 түс гаммасының 100 пайызын қамтиды, бұл кинематографиялық сападағы бейнелерді қамтамасыз етеді.
Көзді қорғау технологиялары кез келген жарық жағдайында пайдалану ыңғайлылығын ұсынады:
- Динамикалық жарық – жарық деңгейіне сәйкес автоматты түзетулер;
- Циркадтық түнгі экран – түнгі уақытта түстерді табиғи түрде реттейді;
- 3840 Гц ШИМ-жиілігі – экранның көрінетін жыпылықтауын жояды.
Жоғары деңгейдегі камера мүмкіндіктері
HONOR X8c смартфонының басты камерасы – 108 МП және оптикалық тұрақтандырумен (OIS) жабдықталған, бұл тіпті жартылай жарықта да айрықша бөлшектерді сақтайды. Сонымен қатар, 5 МП кеңбұрышты камерасы (f/2.2) және тереңдік сенсоры көріністерді ерекше етіп түсіруге көмектеседі. Портреттік режимде шығармашылық эксперименттер үшін екі түрлі фокустық қашықтық бар.
50 МП алдыңғы камерасы (f/2.1) әрдайым мінсіз селфи жасауға мүмкіндік береді. Кіріктірілген жарықтандыру күңгірт аймақтарды айқындап, AI-өшіргіш қажетсіз нысандарды өшіруге көмектеседі. "AI-кеңбұрышты селфи" технологиясы кадрдағы адамдар санына қарай көрініс бұрышын 78 градустан 90 градусқа автоматты түрде өзгертеді.
Өнімділік және автономия
Смартфон MagicOS 9.0 (Android 15 негізінде) операциялық жүйесімен жұмыс істейді және келесі интеллектуалды функцияларды ұсынады:
- Magic Portal – пайдаланушы ниетін болжап, қажетті қосымшаларға бағыттайды;
- Magic Capsule – хабарламалар мен басқару құралдарына жылдам қолжетімділік береді;
- Жұмыс үстелі мен құлыптау экранын икемді баптау мүмкіндігі.
5000 мА·сағ сыйымдылығы бар аккумулятор ұзақ уақыт автономды жұмысты қамтамасыз етеді. Тіпті 2 пайыз қуат көрсеткішімен смартфон 88 минут қоңырау шалу немесе 18 сағат күту тәртібінде қалуға мүмкіндік береді.
Бағасы және алғашқы сатып алушыларға сыйлықтар
HONOR X8c үш нұсқада қолжетімді:
- 6+6 ГБ ЖЖҚ + 128 ГБ – 129 990 теңге
- 8+8 ГБ ЖЖҚ + 128 ГБ – 139 990 теңге
- 8+8 ГБ ЖЖҚ + 256 ГБ – 159 990 теңге
Алғашқы сатып алушыларға HONOR CHOICE Earbuds X7 lite құлаққаптары сыйлыққа беріледі!
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2220431-stildi-zhane-soqqyga-tozimdi-honor-x8c-smartfony-qazaqstan-narygyna-keldi/