jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ақтау тұрғындары Каспий теңізі қызыл түске боялғанын байқады

Каспий теңізі
Каспий теңізі. Фото: Lada.kz

Табиғи құбылысты Ақтаудағы 1А ықшамауданында Каспий теңізінің жағалауында серуендеп жүрген тұрғындар суретке түсіріп алған. Онда судың қан қызыл түске боялғанын байқауға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Каспий теңізінің суы қызарғаны түсірілген видео желіде тарады. Жағалаудың ерекше көрінісі қала тұрғындары мен қонақтарын бей-жай қалдырмады. Осындай жағдайды Ақшұқыр ауылының тұрғындары да байқаған.

Мәселенің анық-қанығын басылым тілшісіне "Эко Маңғыстау" мекемесінің басшысы Кирилл Осин түсіндіріп берген.

"Бұл құбылыс жыл сайын болады. Судың қызаруына диатомды балдырлар әсер етеді. Шамасы, температура айырмашылығы көп екеніне байланысты. Бұл қоршаған ортаға зиян емес", - деп сендірді сарапшы.

Маңғыстау облысы Экология департаментінің мамандары теңізге қауіп бар-жоғын тексеру үшін су сынамасын да алған.

"Биыл 12 ақпанда Маңғыстау облысының экологтары Каспий теңізінің қызыл түске боялуына байланысты теңіз суынан сынама алды. Зерттеу аясында теңіз суында химиялық заттар мен мұнай өнімдерінің бар-жоғына сараптама жүргізілді. Нәтижесі алдағы уақытта хабарланады. Бұл құбылысты тұрғындар жыл сайын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратады", - делінген хабарламада.

Басылымның хабарлауынша, балдырдың гүлдеуі сирек құбылыс емес. Суға қызыл реңк беретін диатомды гүлдердің балықтарға зияны жоқ, қауіпсіз. Бұл табиғи процесс.

Ақтау тұрғындары Каспий теңізі қызыл түске боялғанын байқады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.