Зектілері

Мерекелер қарсаңында абай болыңыз: ІІМ онлайн сауда жасаушыларға ескерту жасады

Жарияланған күні:

Онлайн сауда жасау
Онлайн сауда жасау. Көрнекі сурет: freepik.com

Ішкі істер министрлігі онлайн сауда жасау кезінде алаяқтарға ұрынып қалмаудың жолын айтты. Ведомство өкілдері мерекелер қарсаңында маркетплейстерде болатын жаппай жеңілдіктер кезінде сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаппай жеңілдіктер, әртүрлі мерекелерге арналған жалпы сатылымдар кезінде азаматтар алаяқтарға алданып қалуы мүмкін. Мысалы, ақпан айында көптеген елдерде "ғашықтар күні" атап өтіледі. Осыған орай адамдар өздерінің сүйіктілеріне сыйлық жасауды жоспарлап жатады.

Қаражаттан айырылып қалмас үшін ІІМ қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:

- Тауарды тек тексерілген сайттардан немесе ресми маркетплейстерден сатып алыңыз.

- Тым төмен бағаға қызықпаңыз. Егер жеңілдік күмәнді көрінсе, бұл алаяқтық болуы мүмкін.

- Егер әлеуметтік желілерде "қызықты" ұсынысқа тап болсаңыз, дүкен немесе сатушы туралы мәліметтерді тексеріп алыңыз. Бұл жағдайда жазылған пікірлерге, тіркелушілердің санына және бөліп төлеу мүмкіндігіне назар аударған абзал. Алайда оның кепіл бола бермейтінін де есте ұстаған жөн.

- Сатушыға бейнеқоңырау шалу арқылы өнімнің бар екеніне көз жеткізіңіз. Дүкеннің мекенжайы мен орналасқан жерін көрсетуді талап етіңіз. Егер бұл алаяқтар болса, олар түрлі сылтаулармен талаптардан бас тартып, сендіру үшін геолокация жібереді, бірақ бұл ықтимал алаяқтың айласы.

- Төлем әдістерін тексеріңіз. Ақшаны жеке шоттарға жібермеңіз.

- Жеке деректерді қадағалаңыз. Ешқашан құпия сөздерді, SMS-кодтарды және карта деректерін бөгде адамдарға бермеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2220663-merekeler-qarsangynda-abai-bolyngyz-iim-onlain-sauda-zhasaushylarga-eskertu-zhasady/