jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

БАҚ: Анталия - Астана бағытындағы ұшақ екі қазақстандықтың қатысы бар жанжалға бола шұғыл қонды

Ұшақ борты
Көрнекі фото: pixabay.com

Анталиядан Астанаға бағыт алған Pegasus Airlines компаниясының ұшағы жолаушылар арасындағы төбелеске байланысты шұғыл қонды. Төбелеске қатысушылардың арасында қазақстандық әйелдер де бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ TRT Haber басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, ұшақ бортында украиндық ерлі-зайыпты мен қазақстандық екі әйелдің арасында жанжал басталып, көп ұзамай ол төбелеске ұласқан.

Экипаж командирі қонуға шешім қабылдаған. Ұшақ Эрзурум қаласының әуежайына қонды.

Түркиялық басылымның хабарлауынша, төбелеске қатысы бар барлық жолаушы ұшақтан шығарылды - тараптар бір-бірінің үстінен шағым түсірген. Сондай-ақ басылым төбелеске қатысушылар алдымен ауруханаға денсаулық жағдайын тексеру үшін жеткізілгенін, кейін полиция бөлімшесіне жеткізілгенін жазады.

Ұшақ діттеген бағытына қайта ұшты.

БАҚ: Анталия - Астана бағытындағы ұшақ екі қазақстандықтың қатысы бар жанжалға бола шұғыл қонды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.