jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанда наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау басталды (видео)

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда бүгіннен бастап наурыз айындағы ҰБТ-ға мектеп оқушыларының өтініштерін қабылдау басталды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 15-25 ақпан аралығында өтеді.

Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге мынадай тұлғалар қатыса алады:

  • орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
  • шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
  • өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
  • Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
  • шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).

Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.

Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін пунктті, күнді және уақытты өз еркі бойынша таңдайды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.