Зектілері

"Шерзатты өлтірді деген күдіктілер": желіде "уақытша ұстау изоляторында" туған күнін тойлағандардың видеосы тарады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Күдіктіні қамау сәті
Күдіктіні қамау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде бір топ ер адамның, болжам бойынша уақытша ұстау изоляторында отырғандардың туған күнін тойлап жатқан видеосы тарады. Видео авторы кадрларда Шерзат ісіне қатысы бар күдіктілер екенін алға тартады.

Видео "Письма президенту" Telegram-арнасында жарияланған.

"Желіде 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысы бар талғарлық күдіктілердің туған күнін тойлап жатқан видеосы пайда болды. Олардың торт үрлеп, сусын ішіп, дауыстық көмекшіден Қайрат Нұртастың өлеңін қосуды сұрағанын көруге болады", - делінген видео түсіндірмесінде.

Аталған жайтқа қатысты Алматы облысы ПД баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Уақытша ұстау изоляторында қамауға алынғандардың бірінің туған күнін тойлап жатқандардың видеосы тарап кетуіне байланысты жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлға, оның ішінде басшылық қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сонымен бірге ПД мұндай құқықбұзушылықтың себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қолға алынғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2221149-sherzatty-oltirdi-degen-kudiktiler-zhelide-uaqytsha-ustau-izoliatorynda-tugan-kunin-toilagandardyng-videosy-tarady/