Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды
Опубликовано:

Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы "ҚазАвтожол" Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
2025 жылғы 16 ақпан сағат 18:45-те ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы бойынша "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы бойынша "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).
Жолды 2025 жылғы 17 ақпан сағат 01:00 ашу жоспарланған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2221161-qazaqstannyng-eki-oblysynda-aua-raiyna-bailanysty-kolik-qozgalysyna-shekteu-qoiyldy/