jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Екібастұздағы сауда орталығының төбесі опырылды: 5 адам зардап шекті

Екібастұздағы сауда үйінің опырылуы
Екібастұздағы сауда үйінің төбесінің опырылуы. Кадр: ҚР ТЖМ

Екібастұзда "Maxi Mall" сауда үйінің ғимарат ішінде аспалы төбе құлап түсіп, 5 адамның зардап шеккен. Бұл туралы kazinform.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында Екібастұз қаласындағы сауда үйлерінің бірінің төбесі опырылғаны хабарланды.

"М.Әуезов көшесі бойындағы сауда үйлерінің бірінде 150 ш.м. алаңда аспалы төбенің опырылуы орын алғанын хабарлады. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Десе де, Kazinform.kz агенттігі зардап шеккен адамдар барын мәлім етті. Агенттікке Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі ересек, үш балаға медициналық көмек көрсетілгенін хабарлаған.

"Оқиға кезінде "Maxi Mall" сауда орталығында болған 5 адам Екібастұз қалалық ауруханасына өз бетінше жүгінген. Олардың ішінде 2008, 2009 жылдары туған үш бала бар. Зардап шеккендерді ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Дәрігерлер қарап, алған жарақаттарына амбулаториялық ем тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Ал өңірлік төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін сауда үйі жабылғанын мәлім етті.

Екібастұздағы сауда орталығының төбесі опырылды: 5 адам зардап шекті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.