Қар, көктайғақ, жаңбыр: еліміздің бірқатар өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды
Опубликовано:

Ертең, 17 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде күн бұзылады. Синоптиктер көптеген өңірде ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ болатыны ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте түнде тұман күтіледі. Түркістанда түнде тұман болады.
Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Атырауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының тунде оңтүстігінде, батысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Петропавлда күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман болуы мүмкін. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетауда таңертең және күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 17 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Қостанайда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада жаяу бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 17-18 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Таразда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2221173-qar-koktaigaq-zhangbyr-elimizding-birqatar-ongirinde-kun-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/