Жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы көтеріле бастады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанда кей жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 207 теңгеге дейін қымбаттады. Бұған дейін оның бағасын мемлекет реттеп келген, деп хабарлайды KAZNUR.KZ.
Қазақстанда ақпан айына дейін АИ-92 маркалы бензин мен жазғы дизель отыны шекті бағамен саудаланып келді.
Алайда 30 қаңтардан бастап елде мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеуге қатысты барлық ереже жойылды. Осылайша жанар-жағармай құю бекеттерінде бағаны өздері орнату мүмкіндігі пайда болды.
Бірақ жанармай құю бекеттері бағаны көтеруге асықпады. Бұған дейін Энергетика министрлігі мәлімдегендей, ведомство бензин бағасының күрт өспеуін қадағалайтын болады.
Қазіргі таңда еліміздегі кей жанар-жағармай құю бекеттерінде жанармай құны қалыпты қарқынмен көтеріле бастады.
Қай жанармай құю бекетінде баға көтерілді
Мысалы, "Яндекс Заправки" сервисінің мәліметі бойынша, еліміздің ірі қалалары мен басқа да елді мекендердегі кейбір Helios желілік жанармай құю бекетінде АИ-92 бензині қазір 207 теңге тұрады.
Яғни бұған дейін болған шекті бағаға қарағанда әзірге 2 теңгеге ғана көтерілген.
Qazaq Oil жанармай құю бекеттерінде де осыған ұқсас жағдай қалыптасты. Олардың кейбірінде, атап айтқанда, Алматы мен Астанада орналасқан бекеттерде АИ-92 маркалы жанармай 207 теңге.
Аталған желілердің кей жанармай құю бекетінде жазғы дизель отынының құны бұрынғы шекті бағадан 2 теңгеге қымбаттады, қазір 297 теңгеге тең.
Қай жанармай құю станцияларында баға әлі өзгерген жоқ
Басқа ірі жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы жанармай бағасы әлі өзгерген жоқ.
Мәселен Алматы мен Алматы облысындағы PetrolAsia компаниясы бағаны 199 теңге деңгейінде ұстап отыр.
Одан ірірек Royal Petrol желісі өкілдерінде елдегі барлық жанармай құю станцияларындағы баға туралы деректер жоқ. Бірақ Алматыда орналасқан бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің құны 205 теңге.
Sinooil желісінде аймаққа байланысты АИ-92 маркалы жанармай бағасы 205 теңгеге дейін барады.
Айта кетейік, Қазақстанда АИ-95 маркалы бензин де қымбаттап барады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2221320-zhanarmai-quiu-beketterinde-ai-92-markaly-benzin-bagasy-koterile-bastady/