"Сотталған әйелдерге рақымшылық жасау": ішкі істер министрі депутаттардың ұсынысына жауап берді
Жарияланған күні:

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстанда сотталған әйелдерге рақымшылық жасау туралы депутаттардың ұсынысына қатысты жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында "Ауыл партиясы" фракциясының депутаттары Ішкі істер министріне депутаттық сауал жолдап, жазасын өтеп жатқан кей әйелдерге рақымшылық жасау мүмкіндігін қарастырып көруді ұсынған еді.
Осы орайда Ішкі істер министрі сотталған әйелдерге рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы депутаттық сауалды қарап, жауап берген.
"Құрметті депутаттар! Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі сотталған әйелдерге рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы депутаттық сауалды қарап, мынаны хабарлайды.
Мұндай рақымшылық актісін қолдану туралы ұсыныс тұжырымдамалық түрде сақталады. Бүгінгі таңда 6399 әйел қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр, оның 2692-сі бас бостандығынан айыру орындарында ұсталса, 3707-сі пробациялық бақылауда (ПҚ). Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін сотталған 1220 әйел (ТМ-157, ПҚ-1064) жазасын өтеуден босатылуы мүмкін.
Сонымен қатар зорлық-зомбылыққа байланысты емес қылмыстар жасағаны үшін 2002 әйел сотталған, олардың 1766-сы алғаш рет, ал 150-і ауырлығы шағын және орташа қылмыстар жасаған. Өз кезегінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 5055 әйелге (ТМ – 2535, ПҚ2520) жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.
Рақымшылықты қарау кезінде жасалған қылмыстың ауырлығымен қатар сотталғандардың әлеуметтік жағдайын қосымша ескеру ұсынылады:
- 29 мүгедек әйел (I топ – 3, II топ – 3, III топ – 15), 60 жастан асқан 243 әйел (ТМ-152, ПҚ-91),
- Аяғы ауыр 13 әйел, жас балалары бар (3 жасқа дейін) 58, сондай-ақ 226 көпбалалы ана.
Бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру жолымен (3910) өтелмеген талап-арыздары бар әйелдер үшін жазаны жеңілдетуді көздеу қажет.
Алайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының талаптарын ескеру қажет, оған сәйкес заң мен сот алдында барлығы тең. Ешкімді жынысына байланысты кемсітуге болмайды. Әлеуметтік осал адамдар санатына жататын сотталған ерлер саны 920 адамды құрайды (I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ҰОС қатысушылары, зейнеткерлер, толық емес отбасылар). Сонымен қатар бірінші рет сотталғандарды және зорлық-зомбылықсыз қылмыстар жасағандарды босату мәселесі жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды ескере отырып, одан әрі талдауды қажет етеді.
Осылайша, екі мыңнан астам сотталғанды босату бюджетті күніне 5,8 млн теңгеге дейін үнемдеуге әкеп соғуы мүмкін (1 сотталғанға жалпы шығындар күніне – 2900 теңге, тиісінше жылына 2,1 млрд теңге). Бұл шара гуманизм қағидаттарын, мемлекеттің әлеуметтік саясатын қолдауды, әйелдерді бейімдеуді, олардың отбасылық құндылықтарын нығайтуды және балалардың құқықтарын сақтауды, сондай-ақ ҚАЖ түзеу мекемелерінде өтеушілердің жүктемесін азайту есебінен мемлекеттік шығыстарды оң тайландыруды және сотталғандарды ҚАЖ мекемелерінде ұстау жағдайларын жақсартуды көрсету болып табылады.
Сонымен қатар қылмыстардан зардап шеккен азаматтар арасындағы наразылық көңіл-күй және рақымшылық жасағандар арасында қайталанған құқық бұзушылықтардың ықтималдығы сияқты тәуекелдер болуы мүмкін", - делінген ІІМ жауабында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2221332-sottalgan-aielderge-raqymshylyq-zhasau-ishki-ister-ministri-deputattardyng-usynysyna-zhauap-berdi/