jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Іздеуде жүрген Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Өзбекстан шекарасында ұсталды

Сәдуақасов Тимур
Сәдуақасов Тимур. Фото: t.me/afm_rk/

Мемлекетаралық іздеуде жүрген Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған жерінен ұсталды. Бұл туралы ҚМА Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Сәдуақасов Тимур Хабдуллаевичті Өзбекстан Республикасының шекара қызметінің өкілдері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұстаған.

"Оған қатысты Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бар мәліметке сәйкес, Садвақасов Т.Х. тергеу изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп, тиісті материалдар дайындалып жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Сәдуақасов Тимурға алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған.

"2023 жылы шілде айында Садвақасов Т.Х. және "Обуховское" кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат – Курманбаев С.Н. лауазымды тұлғалар арасындағы байланыстарын пайдалана отырып, Долгалев В.И-қа кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынған. Алдын-ала келісім бойынша параның бірінші бөлігі ретінде 90 млн теңге алған Садвақасов пен Курманбаев бұл қаражатты өздері иемденіп, уәде етілген міндеттемелерін орындамаған. Қылмыстық іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қайта қарауға жолданды", - деп жазады ведомство.

Еске салсақ, Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғаны туралы 7 ақпанда белгілі болған.

Іздеуде жүрген Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Өзбекстан шекарасында ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.