Зектілері

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды: ҚМА істің мән-жайын айтты

Жарияланған күні:

Костюмдегі ер адам
Шенеунік. Көрнекі фото: pexels.com

Іздеу жарияланған Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа қатысты істің мән-жайы белгілі болды. ҚМА оған қандай айып тағылып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, ол аса ірі көлемде қылмыстық іс қозғау мәселесін оң шешу үшін мемлекеттік қызметшілерге пара беруге үгіттегені және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

"Атап айтқанда, "Тиолайн" ЖШС-ін басқарған кезеңде Долгалев В.И. пен басқа да құрылтайшылар арасында "Обуховское" кен орнына қатысу үлесі мен оның табысын бөлуге байланысты келіспеушіліктер туындаған, олар сот арқылы шешілген.

Өз кезегінде Долгалев В.И. Садвақасов Т.Х. арқылы құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларын белгілі бір компания құрылтайшыларына қарсы қылмыстық іс қозғау үшін пара беріп сатып алуға тырысты. Бұл олардың заңды талаптарынан бас тартуына және оларға қысым көрсетуге бағытталған әрекет болды.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті "Тиолайн" ЖШС-нің "Обуховское" кен орнында өз бетінше пайдалы қазбалар өндіру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда.

Осыған байланысты Садвақасов Т.Х. бастапқыда шығарылған ақтау үкімінің күші жойылғаннан кейін соттан жасырынды.

Садвақасов Т.Х.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Егер іздеуде жүрген азаматтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментіне келесі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:

+7-7152-46-98-18 – кезекші бөлім

Call-center: 1458

Анонимділік пен сыйақы кепілдендірілген!", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғаны туралы 7 ақпанда белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2220959-aqtau-akimining-buryngy-orynbasaryna-izdeu-zhariialandy-qma-isting-man-zhaiyn-aitty/