jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Діни сұрақтарға жауап алуға болады: ҚМДБ Рамазанға арналған Telegram-ботты іске қосты

Ұялы телефон ұстап тұрған ер адам
Ұялы телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Рамазан айына орай Telegram-бот іске қосылды. Бұл жерде тұрғындар өздерін толғандырған діни сұрақтарға жауап ала алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.

Бот жұмысын бас мүфти төрағалығымен Рамазан айына орай өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан таныстырған.

Оның айтуынша, жаңа @MuftyatBot Telegram-боты Рамазан айында пайдаланушылардың діни сұрақтарына жауап беру үшін арнайы әзірленген, ол шариғат мәселелері бойынша ақпарат беруге және кеңес ұсынуға арналған. Одан бөлек қолданушылар бот арқылы Рамазан кестесін жүктей алады. 

Рамазанға арналған Telegram-бот
Рамазанға арналған Telegram-бот. Фото: muftyat.kz

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айы басталатын күнді бекіткен еді.

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

Сондай-ақ пітір садақа мөлшері де бекітілді.

Діни сұрақтарға жауап алуға болады: ҚМДБ Рамазанға арналған Telegram-ботты іске қосты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.