Зектілері

Төлемдерді бірден алуға болады: Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі кезінде жаңа қызмет көрсетіледі

Жарияланған күні:

Жолаушы
Жолаушы. Көрнекі фото: eggeeggjiew/Getty Images

Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі кезінде жаңа қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев үкімет отырысында баяндағандай, Қазақстанның авиация саласының цифрлық трансформациясы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ірі жобалары шеңберінде дамуын жалғастырып жатыр.

E-freight жүк тасымалдарында электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілген. Еліміздің әуежайларында жолаушыларға қағаз құжаттарын көрсетпей-ақ тіркеуден және бақылаудан өтуге мүмкіндік беретін E-doc-airport электрондық жеке куәлік жүйесі белсенді қолданылып жатыр.

Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру, ұшақтың ұшу уақытын және отын шығынын азайту үшін бағыттарды оңтайландыру және рейстердің кешігуі кезінде цифрлық сақтандыру қызметі сияқты инновациялар іске асырылу сатысында.

Бұл әуе билеттерін сатуға арналған қосымшаға енгізілген арнайы қызмет түрі, ол жолаушыларға рейс кешіктірілген жағдайда сақтандыруға және төлемдерді бірден алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бүгінгі үкімет отырысында Талғат Ластаев жыл соңына дейін Қазақстанда көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2221962-qazaqstanda-aue-reisterining-keshigui-kezinde-zhanga-qyzmet-korsetiledi/