jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Балалардың жан дауысы естілді": СҚО-да ер адам үш қызды құтқарып қалды

Айдын Ақанов
Айдын Ақанов. Фото: СҚО ТЖД

Тайынша қаласында өрт кезінде үш қызды құтқарған 38 жастағы азамат марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ СҚО ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 17 ақпанға қараған түні жұмыс орнында болған Айдын Ақанов жеке тұрғын үйдің шатырынан өрттің лапылдаған жалынын байқап қалған.

Ол аулаға жүгіріп кіргенде, веранда отқа оранып, үйдің ішінен балалардың жан дауысы естілген. Айдын ойланбастан терезені сындырып, қою түтінге толған бөлмеден 2019, 2010 және 2009 жылы туған үш қызды алып шыққан. Батыл азамат оларды көрші үйге жеткізіп, қауіпсіз жерге орналастырған. Абырой болғанда, балаларға медициналық көмек қажет болмаған.

Осы ерлігі үшін Айдын Ақанов алығыс хатпен марапатталған. Алғыс хатты СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Жомарт Асқаров табыс еткен. Ол батыл азаматтың жанқиярлығы мен азаматтық жауапкершілігін ерекше атап өтіп, оның ерлігі барша қазақстандыққа үлгі екенін айтқан.

Марапаттау рәсімінде Айдын Ақановқа аудан әкімі Берік Әлжанов, ол қызмет ететін "Рощинское 2016" ЖШС басшылығы және қоғам өкілдері шын жүректен алғысын айтып, ризашылығын білдірген.

"Балалардың жан дауысы естілді": СҚО-да ер адам үш қызды құтқарып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.