jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түркістанда құрылыс заңдылығын сақтамаған 14 ғимарат сот шешімімен бұзылды

ғимарат
Түркістан. Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласында мониторинг және бақылау жұмыстарының нәтижесінде 112 кәсіпкерлік нысан толық аяқталмай пайдалануға берілгені анықталды. 14 нысан бұзылып, 22 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қаласында заңсыз және рұқсатсыз салынып жатқан нысандарға қатаң бақылау жүргізіліп жатыр. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшенов жобалаушы ұйымдар, техникалық қадағалаушылар және мердігерлермен кездесіп, құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг және бақылау жұмыстарының нәтижесінде бірқатар дерек анықталған.

"112 кәсіпкерлік нысан толық аяқталмай пайдалануға берілген. Олардың басым бөлігі Тәуке хан даңғылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, С.Қожанов, С.Ерубаев көшелері мен Қызылорда және Кентау тас жолдары бойында орналасқан. Сот шешімімен 14 нысан бұзылса, салынған әкімшілік айыппұл – 29 942 120 теңге (7475 АЕК)", - делінген хабарламада.

ғимарат
Кәсіпкерлік нысан. Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкмідігінің өкілдері қалада құрылыс салу үшін қажет құжаттар тізімін назарға ұсынды. Олар:

  • Жер телімінің құжаты – нысан салуға рұқсат беретін акт.
  • Сәулет-жоспарлау тапсырмасы – қала құрылысына сәйкестігін айқындайтын жоба.
  • Эскиздік жоба – ғимараттың бастапқы сызбасы.
  • Сараптамадан өткен жұмыс жобасы – сапа мен қауіпсіздікті растайтын құжат.
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат – міндетті мемлекеттік рұқсат қағазы.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.