jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжан ТЖ министрі қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

марапатталған қазақстандық құтқарушылар
Марапатталған қазақстандық құтқарушылар. Фото: ТЖМ

Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде құтқару операциясына қатысқан қазақстандық құтқарушыларды марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Әзербайжан Республикасының төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаровтың бұйрығына сәйкес қазақстандық құтқарушылар "Әзербайжан әуе жолдары" ұшақ апатының салдарын жойғаны және құтқару операциясына қатысқаны үшін "Ынтымақтастық үшін" төсбелгісімен марапатталды", - делінген хабарламада.

Марапаттарды Ақтау қаласында Әзербайжан Республикасының бас консулы Айхан Сүлейманлы табыстады.

Қазақстан ТЖМ-ның наградталған қызметкерлері:

  • Сейталин Азамат Серікұлы;
  • Аминов Тимур Владимирович,
  • Айдаров Қани Манапұлы;
  • Қараев Саясат Мұсаұлы;
  • Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы;
  • Күлханов Азымбек Шындәулетұлы;
  • Күзембаев Ербол Ахметұлы;
  • Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы;
  • Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы;
  • Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.

Хабарламада бұл марапаттың Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы төтенше жағдайлар саласындағы берік ынтымақтастықты білдіретіні айтылған.

Айта кетейік, Ақтауда ұшақ апатында қайтыс болғандарды еске алу мақсатында ас берілген еді. Аста әзербайжандық меценет апатта қаза тапқан әр қазақстандықтың отбасына Алматыдан жаңа пәтер сыйлады.

Одан бөлек кәсіпкер өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті, Ақтау қаласы ауруханасы мен жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына үш жаңа автокөлік тарту еткен болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.