jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

БҚО-да ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсайтын белгісіз зат құлады

БҚО-да құлаған белгісіз зат
БҚО-да құлаған белгісіз зат. Фото: куәгерлерден/mgorod.kz

18 ақпан күні сағат 23:00-де Бөкейорда ауданы Ұялы ауылының аумағында беймәлім ұшатын аппарат табылған, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылымның жазуынша, оны жергілікті тұрғындар көрген. Нысанның ұзындығы 120 метр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеген.

"Бұл хабарламаға сурет те қоса жарияланған. Іздеу жүйелеріндегі ақпаратқа сай бұл франциялық "Sagem" компаниясы жасап шығарған "Crecerelle" ҰҰ аппаратына қатты ұқсайды", - деп жазады басылым.

Аталған жайтқа полиция пікір білдірді.

"Ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас заттың құлауына байланысты полиция Бөкейорда ауданының Ұялы ауылы маңында өзге өкілетті орган өкілдерімен бірге тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады кейінірек Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

БҚО-да ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсайтын белгісіз зат құлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.