Алматыда ауызсу тарифі 10 пайызға өсті
Жарияланған күні:

Алматыда ақпан айынан бастап су қымбаттады. Ауызсу тарифі 10 пайызға өсті. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева айтты, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.
Телеарнаның хабарлауынша, ведомство "Алматы су" кәсіпорнының 2025-2029 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су жіберу қызметінің жаңа тарифін бекіткен.
"Бұрын бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты бес жылдық сумен жабдықтау және су бұру қызметіне қатысты тарифін бекітті. Сумен жабдықтаудың орташа тарифі 1 текше метрге 135 теңге, су бұру бойынша 83 теңге. Сонымен қатар суды тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифтер бекітілді. Кімде су есептегіш құрал жоқ, дәл сол тұрғындар үшін төлем өзгелерден қымбат болады", - дейді ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева.
Қазір қаладағы құбырлардың тозығы жеткен. Коммуналдық желінің жартысынан көбі ескірген. Оны алдағы 5-6 жылда жаңарту көзделіп отыр. Ол жұмысты тариф есебінен жасау жоспарланған. Қаражаттың бір бөлігі үнемдеуге арналған жаңа технологияны енгізуге, құрал-жабдықтарды жаңартуға, сондай-ақ желіні жөндеуге жұмсалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2222274-almatyda-auyzsu-tarifi-10-paiyzga-osti/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде