jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкенттен Қытайдың Сиань қаласына тікелей рейс ашылмақ

Ұшақ қанаты
Ұшақ қанаты. Көрнекі фото: pixabay.com

"SCAT" әуе компаниясы Шымкент қаласынан Сиань қаласына тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа халықаралық рейстерді ашу бойынша жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде қазақстандық әуекомпаниялар Грузия мен Қытай бағыттары бойынша жаңа рейстерді іске қосады.

"Биыл 28 мамырдан бастап "SCAT" әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Сиань қаласына тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сиань қаласына тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды", - делінген хабарламада.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Air Astana" әуекомпаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлағанбыз. Рейстер аптасына үш рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерімен орындалады. Бүгінгі таңда Тбилисиге Алматы және Ақтау қалаларынан рейстер бар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.