jitsu gif branding logo appbranding logo app

Антикор төрағасы Димаш Құдайбергенмен кездесті

Антикор төрағасы және Димаш Құдайберген
Фото: instagram.com/antikor.kaz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали Қазақстанның халық әртісі, халықаралық әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш Құдайбергенмен кездесті. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Кездесу барысында агенттік төрағасы жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралармен, сондай-ақ елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін агенттік жұмысының ашықтығын арттыруға, негізгі бағыттары мен заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған заманауи әдістермен таныстырған.

Асхат Жұмағали өнердің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, адалдық пен әділдікке тәрбиелеуде, адамдардың дүниетанымына әсер етуде және парасат қағидаттарын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтқан.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген атқарылып жатқан жұмыстарға, болашағымыздың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне қолдау білдірді.

Тараптар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, мәдени және білім беру бастамалары арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаттарын ілгерілету шеңберіндегі бірлескен жобаларды талқылады.

Кездесу соңында Асхат Жұмағали Димаш Құдайбергенге еліміздің мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше алғысын білдіріп, шығармашылық қызметіне үлкен табыс пен сәттілік тіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.