jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Электр энергиясын беруге шектеу қойылды": Қарағанды облысындағы ауданда төтенше жағдай жарияланды

электр бағаналары
Электр бағаналары. Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

Қарағанды облысы Шет ауданында энергиямен жабдықтау жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Ауданда электр қуатын беруге шектеу қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданды электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған "Шет-Энерго" компаниясы "Жезқазған электр тарату желісі" компаниясының электр энергиясын беру жөніндегі талаптарын орындамай отыр. Осыған байланысты ауданда электр қуатын беруге шектеу қойылды. Бұл туралы Шет ауданының әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған.

Әкімдік дерегіне сенсек, "Шет-Энерго" көп жыл бойы электр желілерін жаңғыртуға қаражат салған жоқ. Бұл энергиямен жабдықтауда жүйелі мәселелер туындатты.

"Тұрғындар жарықтың жиі өшірілуінен зардап шегеді, тек жарықсыз ғана емес, жылусыз да қалады. Тұрақты ескертулерге қарамастан, "Шет-Энерго" қызметінің сапасы жақсармай тұр.

Аудан әкімдігі электр энергиясын беруді қалпына келтіру үшін жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимін жариялады", - делінген хабарламада.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл қадам энергиямен жабдықтау саласында тәртіп орнатуға, сапалы қызметті қамтамасыз етуге бағытталған.

"Электр энергиясын беруге шектеу қойылды": Қарағанды облысындағы ауданда төтенше жағдай жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.