jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада Family Park тұрғын үй кешенінің бір бөлігі сүріліп жатыр (фото, видео)

Family park-тің бір бөлігі сүріліп жатыр
Family park-тің бір бөлігі сүріліп жатыр. Фото: Астана әкімдігі

Астанада құрылысы ұзақ мерзімге созылған Family Park тұрғын үй кешенінің бір бөлігі сот шешімімен сүріліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бұрын "Өркен 777" ЖШС құрылыс салушысына қатысты Family park нысаны бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижелері бойынша бекітілген жобадан ауытқулар анықталды, осыған байланысты заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда тапсырыс беруші бұл талаптарды орындаған жоқ, нәтижесінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды. Қазіргі уақытта арыздың талаптары қанағаттандырылды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бүгінде мемлекеттік сот орындаушысының көмегімен заңсыз құрылыс сүріліп жатыр.

Астанада Family Park тұрғын үй кешенінің бір бөлігі сүріліп жатыр (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram